ШҚО бойынша ҚАЖД-да медицина қызметкерлері құрметке бөленді
ШҚО бойынша ҚАЖД-да медицина қызметкерлері құрметке бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ОВ-156/15 мекемесінің медицина бөлімінде және республикалық соматикалық ауруханасында барлығы 88 медицина қызметкері еңбек етеді. Олардың барлығын біріктіретін мақсат – мұқтаж адамдарға көмектесу.
Республикалық соматикалық аурухананың хирургиялық бөлімі операциялық блогының мейірбикесі болып 28 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан Ольга Старышева бүгін кәсіби мерекесін атап өтуде. Ол өз міндеттерін адал атқарғаны үшін бірнеше рет мекеме басшылығының грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған.
– Еңбек жолында көптеген қызықты және күрделі операцияларға қатыстым. Әсіресе, есімде қалғаны жасанды линзаны имплантациялау арқылы катаракты алу операциясы. Бұл – ең күрделі операция. Операциялық мейірбикенің жұмысы сотталғандарға шұғыл көмек көрсетуді қамтиды. Бұл жұмыстағы ең бастысы – санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау және сүйікті ісіңізге деген сүйіспеншілік, – дейді Ольга Александровна.