ШҚО-да 17 жастағы студент дүкен сатушысын 100 мың теңгеге алдап кетті
ШҚО-да 17 жастағы студент дүкен сатушысын 100 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қараша айының басында Аягөз аудандық ПБ кезекші бөліміне дүкеннің 48 жастағы иесінен арыз келіп түсті, арызда 2021 жылдың шілде-қараша айлары аралығында оның дүкеніне келген бейтаныс жігіт дүкеннен түрлі өнімдерді сатып алып, тауар үшін төлемді мобильді қосымша арқылы төледім деп түбіртек көрсеткен, алайда ақша шотқа сол күйі түспеген. Келтірілген шығын 100 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған. Алаяқтыққа барған күдікті 17 жастағы колледж студенті болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.