Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында қар жинау техникасының жетіспеушілігі анықталды

Жамбыл облысында қар жинау техникасының жетіспеушілігі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қысқы кезеңде көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мүдделі қызметтермен бірлесіп, Жамбыл облысының аумағын қамтитын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың әзірлігін тексерді.

Тексеру барысында арнайы техниканың болуы және оның жарамдылығы, көктайғаққа қарсы материалдар қоры, аспалы жабдықтар мен жол белгілері тексерілді.

– Т.Рысқұлов және Сарысу аудандарында аудандық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауды жүзеге асыратын мердігер ұйым анықталмаған, Мойынқұм ауданында автожолдарды қысқы күтіп ұстауды жүзеге асыратын мердігер ұйымға қажетті арнайы техника мен инертті материалдар дайындалмаған. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйыммен жасалған шартқа сәйкес Жамбыл ауданында 10 бірлік техниканың бірде-біреуі ұсынылмаған, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жайдарбек Құттыбаев.

Жуалы ауданында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйым қысқы күтіп-ұстауға МТЗ тракторының бар болғаны 2 бірлігі және қар тоқтататын 2 құрылғы, трактордың 1 тиегіші бар, ал шартқа сәйкес 7 бірлік техника (автогрейдер, күрегі бар КамАЗ, тиегіш, РУМДЫ тіркемелі таратқыш, күрегі бар 3 МТЗ) болуы қажет екенін анықтады.

Сарысу ауданында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға жауапты мердігер мекемеде КДМ автомобильдерінің 2 бірлігі және 1 тиегіш дайын, ал шартқа сәйкес – 11 (трактор, фронталды тиегіш, тіркемесі бар трактор, МТЗ-80 базасында тиегіш, 2 автогрейдерден және тіркеме грейдерден, 3 КамАЗ автомашинасы) қажет екендігі анықталды.

Талас ауданында 13 бірлік техниканың орнына мердігер барлығы 3 техника дайындаған, шартқа сәйкес күрегі бар КамАЗ, 2 тиегіш, 3 самосвал және 4 автогрейдер қажет.

Бұдан басқа, республикалық автожолдарды күтіп ұстауға ұсынылған 63 бірлік техниканың 12-сі дайындалған жоқ, ал республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурыбайтал автожолының жекелеген учаскелерінде әлі күнге дейін қысқы күтіп ұстауға мердігерлік ұйым бекітілмеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру