ШҚО-да адам өліміне қатысты күдікті ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында адам өліміне қатысты күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО полицейлері «ізін суытпай» 59 жастағы бөтелкелесін өлтірген жігітті ұстады.
Ағымдағы жылдың қазан айының басында Бородулиха ауданының ПБ кезекші бөліміне белгісіз әйелден хабарлама келіп түсті, онда ол Жаңа Шүлбі ауылы көшелерінің бірінде орналасқан үйден зорлықпен өлім белгілері бар ер адамның мәйіті табылғанын айтқан еді.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей:
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Ол Бородулиха ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындады.
Тәртіп сақшылары қаскүнемнің алкоголь өнімін ішу барысында жәбірленушімен жанжалдасып, күрекпен және қайшымен оны бірнеше рет соққыға жыққанын анықтады. Нәтижесінде соңғысы өмірмен сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар алған.
Адам өлтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Осы баптың санкциясы сегіз жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.