Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ақшаңды көбейтіп беремін”: Түркістан облысында тұрғындарға 8 млн теңге шығын келтірген қыз ұсталды

Түркістан облысында тұрғындарға құмар ойын арқылы ақшаңды көбейтіп беремін деп алдап, сегіз миллион шығын келтірген қызды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ-ға Шардара ауданының тұрғынынан арыз келіп түскен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азаматша ақша берсең, құмар ойыны арқылы көбейтіп беремін деп алдағанын көрсеткен. Яғни күдікті салған ақшаң еселеп қайтарылатын болады деп сендіріп, бір миллион теңгеден астам ақша алған. Алайда арада біршама уақыт өткенде телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған. Содан алаяққа алданғанын түсінген тұрғын, бірден полицейлердің көмегіне жүгінді. Аталған дерек ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жәбірленушінің ақша салып жіберген банк қосымшасы арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Полиция қызметкерлері осы қылмыстың ашылып, күдіктінің ұсталуы бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізді. Тәртіп сақшыларының жедел әрекеті нәтижесінде, алаяқ әйелдің жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті қыз осындай сылтаумен тағы 19 тұрғынан 50 мың-800 мың теңге аралығында ақша алып отырған.

Осылайша жалпы сегіз миллион теңгеге жуық шығын келтірген.

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына таныс емес азаматтарға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Сондай-ақ жеке мәліметтерді, не болмаса ақшаны әлеуметтік желі арқылы ешкімге жібермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру