Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да алаяқ жеті адамға несие рәсімдеген

ШҚО-да алаяқ жеті адамға несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқ Зайсан ауданының тұрғындарын 7 миллион теңгеден астам сомаға алдап кеткен.
Зайсан аудандық полиция бөліміне ауданның екі тұрғыны, өздеріне 2 270 000 теңге тауарлық несие рәсімдеген танысына шара қолдануды сұрап, жүгінген.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Зайсан қаласының 20 жастағы тұрғынын анықтап, ұстаған.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қаскөйдің қармағына тағы бес адам түсіп қалғанын анықтаған. Нәтижесінде бойжеткеннің алаяқтық әрекетінен келген жалпы шығын көлемі 7 370 000 теңгені құраған.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады және қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатырү

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру