Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ардагерлерге мекеме қызметкерлері атынан сыйлықтар табысталды

Шығыс Қазақстан облысында мекеме басшысы ардагерлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесі 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының жеңіс күні мерекесі қарсаңында таңдаған саласында қажырлы еңбек етіп, сол сала үшін маңдай терін аямаған, еліміздің тірегіне айналған ардақты еңбек ардагерлерін мерекелерімен құттықтады.

Ардагерлерге мекеме қызметкерлері атынан ақшалай сыйлықтар және азық-түлік сыйлады.

Қылмысық атқару жүйесі саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, қызметтерін абыроймен атқарып, бүгінде зейнеткерлік демалыстағы абзал жандарға сый көрсетуге мекеме қызметкерлері әрдайым әзір.

Ардагерлер жас мамандарға өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерін үйретуге дайын екендіктерін айта отырып, еселі еңбекпен есейген өмір жолдарының шағын естеліктерімен бөлісті.

“Бұл шараның мақсаты еңбек ардагерлерін әрдайым естен шығармау және жас қызметкерлердің белсенді, еңбек сүйгіш және білікті маман болуларына септік ету”, – дейді мекеме басшысының орынбасары Бақытжан Қабдылманапұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру