ШҚО-да ауыл тұрғыны үйінде қарасора өсірген
Глубокое ауданының тұрғыны үйінде қарасора өсірген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының басында Глубокое аудандық ПБ қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз культивациялау фактісін анықтады.
28 жастағы аудан тұрғынының үйін тінту барысында бұл факт расталды. Ыдысқа егілген өсімдіктің 5 түбі, жасыл түсті өзіне тән иісі бар ыдыс және кептірілген сабақтар мен жапырақтар түріндегі жасыл зат тәркіленді.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған бұталар - "қарасора" өсімдігі, ол есірткі заттарына жатады. Оның жалпы салмағы - 1712, 40 грамм.
Күдікті егілген өсімдіктерді жеке пайдалану мақсатында өсіргені анықталды.
Қазіргі уақытта қаскөйге қатысты келу міндеттемесі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.