ШҚО-да бухгалтер әріптесінің зейнетақы аударымдарынан миллион теңге иемденіп алған
ШҚО-да бухгалтер әріптесінің зейнетақы аударымдарынан миллион теңге иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Материалдарды тексеру барысында тәртіп сақшылары алаяқтық жасау фактісін анықтады, облыс орталығының 55 жастағы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болған.
Полицейлер 2019 жылдың қараша айынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін 47 жастағы бухгалтер өз пайдасын көздеп, жәбірленушінің зейнетақы қорына 1 млн теңге аудармағанын анықтады.
Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті полиция бөліміне жеткізілді, онда өз кінәсін мойындады. Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.