Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да есірткіге масаң күйінде көлік жүргізген адам ұсталды

ШҚО-да есірткіге масаң күйінде көлік жүргізген адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтарда «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Қазақстан көшесінде облыс орталығының 32 жастағы тұрғынының басқаруымен ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкері жүргізуші психотроптық заттардың әсерінде деп күдіктенген. Тағайындалған наркологиялық сараптама қорытындысы облыс орталығының тұрғыны каннабиноидтар тобының есірткі заттарын қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болғанын көрсетті.

Тексеру барысында жүргізуші 2020 жылдың қаңтар айының ортасында Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 2023 жылға дейінгі мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылса да қайта көлік тізгініне отырған.

Бүгінгі таңда көлік арнайы тұраққа қойылды, ер адам қамауға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беруі, сол сияқты санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін көлік құралын басқаруға осындай адамды жіберу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру