Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауға Қарағандыдан есірткі сату үшін ​келген әйел ұсталды

Атырауға Қарағандыдан есірткі сату үшін ​келген әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 ақпан күні Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ​”Құқықтық тәртіп” жедел іс-шарасы барысында 32 жастағы күдіктінің жеке басы мен жалдамалы пәтерін тінту кезінде 70 дана синтетикалық есірткі заты және есірткі дайындауға арналған құралдары табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, тергеу барысында күдікті қала аумағында жасырылған 70 грамм есірткі заттарын көрсетті.

Жасырын есірткі тасымалдаумен айналысып жүрген әйелдің айтуынша, ол синтетикалық есірткі заттарын сату үшін Қарағандыдан Атырау қаласына ​арнайы келген.

– Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) тіркелді. Айта кетейік, бұл бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Ұсталған азаматша Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру