Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мыңға жуық полицей ревакцинациядан өтті

Шымкентте мыңға жуық полицей ревакцинациядан өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ерікті түрде үшінші рет коронавирусқа қарсы екпені қабылдауда.

Алғашқылардың бірі болып халықпен жиі қарым-қатынаста қызмет ететін патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары ревакцинациядан өтті. Жалпы Шымкент қаласы Полиция департаментінде екпе салдырғандардың арасында жанама әсер байқалмады.

Айта кетер жайт, полицейлерге екпе егу үшін тәжірбиелі дәрігер, психолог, иммунолог, медбике сынды мамандар жұмыс істеді. Вакцинаны салдырмас бұрын медицина қызметкерлері әрбір полиция қызметкерлерінің дененің қызуы мен қан қысымын өлшеп, міндетті медициналық тексерістен өткізді. Қазіргі таңда 992 тәртіп сақшысына үшінші рет екпе салынды.

Ревакцинация – алдыңғы вакцинациялардан кейінгі иммунитетті қолдауға бағытталған қайта егу іс-шарасы. Осы орайда, тәртіп сақшылары қала тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, санитарлық талаптарды орындауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру