ШҚО-да есірткіге масаң жүргізуші көлік басқарған
ШҚО-да есірткіге масаң жүргізуші көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 6 шілдесінде Шемонаиха ауданында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Глубокое ауданының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ автокөлігін тоқтатты.
Куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші автокөлікті есірткіге масаң күйде басқарғаны белгілі болды.
Биыл 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, қаскүнем көлік жүргізгені анықталды.
Ұсталған қамауға алынды, көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.