ШҚО-да интернет арқылы «арзан» тауарларды сатқан алаяқ қолға түсті
ШҚО-да интернет арқылы «арзан» тауарларды сатқан алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 5 маусымында Жаңа Бұқтырма кентінің 32 жастағы тұрғынынан белгісіз біреу 23 мамыр мен 4 маусым аралығында мессенджер арқылы алдап, сенімге кіріп, тауарды төмен бағамен сатамын деген сылтаумен 47 800 теңге мөлшерінде ақша қаражатын иемденіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Шемонаиха ауданының 32 жастағы тұрғынын анықтады. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.