Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында акция өтті

Қызылордада Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында онлайн форматта акция ұйымдастырды. Онлайн акция басқарманың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өтті.

Акция барысында Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына іс-қимыл басқармасының бастығы Еркін Тұңғышбай сөз сөйлеп, нашақорлық мәселесіне тоқталды.

Сонымен бірге есірткі мәселесін үздік насихаттаған білім, мәдениет саласының қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының уәкілдері марапатталды.

Жергілікті өнерпаздар нашақорлық дертіне шалдыққандардың өмірі жайлы пролог дайындап, Қазақстан эстрадасының әншісі Қуандық Рахым акцияға қатысты. Сондай-ақ акция барысында Қазақстан Республикасы парламентінің сенат депутаты Ақмарал Әлназарова, әнші, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Жеңіс Сейдуллаұлы, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильин, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Садық Мұстафаев, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мадина Сәдуақасова есірткісіз болашақты қолдауға шақырды.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған онлайн акция барысында нашақорлыққа қарсы әлеуметтік бейнеролик әзірлеу байқауы өткізілді. Сайыскерлер өз жұмыстарында нашақорлық мәселесіне қарасты жеке пікірін білдіріп, барша қауымды салауатты өмір сүруге шақырды.

Байқау жеңімпаздары болып Ақтілек Темірбайұлы, Жалағаш жастар ресурстық орталығы,  Әбдірахманов Өмірсерік танылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру