ШҚО-да кәсіпкерлер балаларды мектепке жинауға көмектесуде
ШҚО-да кәсіпкерлер балаларды мектепке жинауға көмектесуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскеменде 6 жасар Сабинаның (аты өзгертілген) анасы қызын жалғыз өзі тәрбиелеп, түзету мекемесінде еркін жалдамалы техникалық қызметкер болып жұмыс істеуде.
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/2 түзету мекемесінің аумағында кіші кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер «Мәйірімді портфель» қайырылымдылық акциясын бастауға шешім қабылдаған.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, жаңа оқу жылы мейірімділіктен басталу қажет. Мектепке керекті жаңа құрал-жабдықтар мен рюкзактарға келетін болсақ, ұйымдастырушылардың ойы бір жерден шығуда, яғни әрбір бала өзіне ұнаған портфель және канцеляриялық тауарды өзі таңдау маңызды, өйткені бұл жаңа мектеп өміріне үлкен құлшыныспен қадам бастырады. Мұндай сыйлықтар, акцияға қатысушылардың ойынша, өте қажет және маңызды, өйткені ол болашақ мектеп өміріне жақсы көмек.
Айта кету керек, ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/2 мекемесіндегі жеке кәсіпкерлердің бірі Саялы Мукышев пен Асет Манапов қазіргі таңда кәсіби жоспарды іске асыра отырып, өзіне қажетті табыс табуға, бала-шағасы мен жанұясына, талап арыздарды өтеуге мүмкіндігі бар сотталғандарға 50-ден аса жұмыс орын тауып беріп отыр.
Бастамашылардың ойынша, олардың осы ойлары басқада облыс кәсіпкерлерімен қолдауға ие болады.