ШҚО-да мал ұрлығына күдікті ер адам ұсталды
ШҚО-да мал ұрлығына күдікті ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 27-29 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Барымта» облыстық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты мал ұрлығына қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту болып табылады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары профилактикалық рейдтер жүргізді, оның барысында малды ұрылардан қалай қорғауға болатын жолдары түсіндірді.
Облыс бойынша іс-шараға жедел-криминалдық, әкімшілік және жергілікті полиция қызметінен барлығы 500-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар ветеринарлық бақылау қызметінің 42 маманы бар.
Осылайша операция кезінде бұрын жасалған 11 қылмыс анықталып, ашылды.
24 бас мал табылып, заңды иелеріне қайтарылды, оның ішінде 11 жылқы, тоғыз ірі қара, төрт ұсақ мал. Айыппұл тұрағына 544 бас қаңғыбас мал қамауға алынды.
ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) сәйкес тиісті құжаттарсыз мал және ет өнімдерін тасымалдау және сату үшін 16 құқық бұзушылық анықталды.
Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шара барысында Көкпекті аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құны 400 000 теңгеге жуық екі бас жылқы ұрлығын жасаған 37 жастағы «барымташыны» ұстады. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас мал ұрлығына қатысы бар-жоғы анықталуда.