Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша билбордтар орнатылды

Қостанай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша билбордтар орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың соңғы айында халықаралық маңызы бар көлік жолда апаттылық жағдайы едәуір нашарлады.

Мәселен, “РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы” (Алтынсарин және Сарыкөл аудандары) халықаралық маңызы бар көлік жолда төрт жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде үш адам қаза тауып, екі адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Талдау нәтижесінде ЖКО-ның негізгі себебі адам факторы, жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу болды. Осыған байланысты Қостанай облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері “ҚазАвтоЖол”ҰК”АҚ ҚОФ” өкілдерімен бірлесіп, РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы “М-36 автожолының көрсетілген учаскелерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуды насихаттау мақсатында ақпараттық сипаттағы билбордтар орнатты. Сондай-ақ Қостанай облысы көлік жолдарының басқа да авариялық-қауіпті учаскелерінде билбордтар орнату жоспарлануда.

Қостанай облысының Полиция департаменті және “ҚазАвтоЖол” ҰК ” АҚ ҚОФ” жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманың арқасында қалың жұртшылықтың назарын апаттылықты төмендету проблемасына аударуға болатынына, жол қозғалысына қатысушыларды бей-жай қалдырмайтынына және әркімнің жол қауіпсіздігі туралы ойлануға мәжбүрлейтініне сенімді.


Тақырыптық билбордтар: “Баяулаңыз”, “жылдамдық режимін сақтаңыз”, “балаңыздың қауіпсіздігін ұмытпаңыз”, “қауіпсіздік белдікті бекітіңіз” азаматтарды жол ережесін сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру