ШҚО-да мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды
ШҚО-да мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шемонаиха ауданының патрульдік полиция батальонының инспекторлары сағат 22.30 шамасында ”Өскемен–Шемонаиха” тас жолының 50 шақырымында, Первомайский кентінің жанында, медициналық куәландыру актісіне сәйкес ”жеңіл дәрежелі” алкогольдік масаң күйде болған Өскемен қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруымен Mercedes автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің бұрын 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.