Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жақында табылған қызды анасы ұрып-соққан

Ақтөбеде жақында табылған қызды анасы ұрып-соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, жақында Тургенев көшесіндегі үйде тұратын 6 жасар қыз үйден шығып, қайтып оралмаған. Бірнеше сағаттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері жоғалған қызды тапты, ол күні бойы отбасылық демалыс саябағында болған.

Қыздың денесінде көгеру іздері болған, полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек шақырды. Қыздың ата-анасы сол күні ПБ-ға жеткізіліп, “қолайсыз отбасыларсанаты бойынша профилактикалық есепке қойылды. Қыздың анасына қатысты ҚР ҚК 140-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған байланысты облыс полицейлері осындай ата-аналарға жүгінеді: балаға қатыгездік таныта отырып, сіз оған физикалық азап әкеліп қана қоймай, психикасына әсер етесіз.

Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған барлық құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы азаматтарға шұғыл түрде полицияға 102 нөміріне және №1 ҚПБ Хамидулла Медет – 8701 735 34 73, №2 ҚПБ Имашев Жомарт – 8705 604 38 30, №3 ҚПБ Еламанов Ерлан – 8777 619 96 60, №4 ҚПБ Малаев Еркин – 8705 744 01 44 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру