ШҚО-да масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
ШҚО-да масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері ШҚО тұрғынын жол жүрісі қағидаларын бұзғаннан кейін ұстаған. Оған 15 тәулікке қамауға алу тағайындалған және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырған.
17 қазанда ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері масаң күйде Тәуелсіздік көшесінен Алтай қаласына арай келе жатқан Волга ГАЗ 2410 автокөлігін тоқтатқан. Сөйлесу кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иіс шыққан. Куәландыруға сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған.
Волга ГАЗ 2410 көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Автокөлік мамандандырылған тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.