ШҚО-да полицейлер есте сақтау қабілетінен айырылған әйелді тапты
ШҚО-да полицейлер есте сақтау қабілетінен айырылған әйелді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 желтоқсанда Алтай ауданының полиция бөліміне әйелінің жоғалып кеткені туралы арызбен жергілікті тұрғын жүгінді. Полицейлер жоғалған азаматшаның ішінара есте сақтау қабілетінен айырылғанын анықтаған. Уақыт жоғалтпай дереу іздеу жұмыстарына кіріскен криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған әйелдің таныстарынан жауап алуға кіріскен. Алайда оның не құрбылары не туыстары да әйелдің қайда кеткені туралы ештеңе білмеген.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер әйелдің есте сақтау қабілетінің нашар екенін ескере отырып, қараусыз қалған ғимараттарды, жертөлелерді, бос үйлердің бірін қалдырмай тексерген.
28 желтоқсанда жоғалған әйел Алтай қаласындағы көшелердің бірінде орналасқан жылу трассасының маңынан табылды. 43 жастағы әйелдің айтуынша, ол өзінің тұрғылықты мекенжайын, сондай-ақ туыстары мен таныстарының мекенжайларын есіне түсіре алмай қиналған, кейін амалсыз көшедегі жылу трассасын пана етуге мәжбүр болған.
Табылған әйелді полиция дереу әйелді дәрігерлердің қолына тапсырды.