ШҚО-да полицейлер өткен жылы жол ережесін бұзбаған жүргізушілерді марапаттады
ШҚО-да полицейлер өткен жылы жол ережесін бұзбаған жүргізушілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын мүлдем бұзбаған жүргізушілерді марапаттау науқанын өткізді.
Заңнаманы сақтаған автокөлік иелеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар, соның ішінде балаларға арналған автокреслолар табысталды. ШҚО полиция департаменті осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатынын, сонымен қатар бұл іс-шаралар жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға және жол қауіпсіздігін күшейтуге оң әсер ететінін атап өтті.
Марапатталған жүргізушілер бұл күтпеген сыйлыққа риза болғандарын айтып, жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын сақтауға шақырды. Себебі жол ережелерін сақтау – тәртіп пен өмір қауіпсіздігінің кепілі.