Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер тұрғынның жоғалған 32 жылқысын тауып берді

ШҚО-да полицейлер тұрғынның жоғалған малын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жоғалған жылқыларды табуға көмектесті.

«102» жедел арнасына ауданның 34 жастағы тұрғыны 32 бас жылқының жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген. Ер адам 31 қазан мен 7 қараша аралығында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жылқылар ауылдық округ учаскелерінің бірінің еркін жайылымынан жоғалып кеткенін хабарлаған. Хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері дереу іздеуге кіріскен және аумақты тексеру үшін тікұшақ жұмылдырылған.

Сонымен қатар полицейлер жақын маңдағы массивтер мен шалғай аймақтарды тексерген. Бірнеше сағаттық іздеу нәтижесінде тәртіп сақшылары жайылым орнынан 40 шақырым жерде жоғалған жылқыларды тапқан.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті өз малын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. Малды қараусыз қалдырмау, оны ұстау орындарының нығаюын қадағалау, мал басын таңбалау және ен салу – бұл ұрланған және жоғалған малды іздеуге оң әсер етеді. Қылмыс жасалған жағдайда олардың ашылуына ықпал ететін GPS-трекерлерді орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін кеңінен қолдану қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру