Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қару тапсырған 52 тұрғын тиісті төлемдерін алды

ШҚО полицейлері тапсырылған қарулар үшін төрт млн теңге қаражат төледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы жалғасуда.

Акция шеңберінде заңсыз сақталған қару немесе оқ-дәрілері бар кез-келген азамат ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, қаруды өткізгені үшін ақшалай сыйақы алады.

Акция басталғаннан бері ішкі істер органдарына азаматтардан 102 өтініш келіп түсті, өз еркімен 140 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 23 ойық және 115 тегіс ұңғылы қару қабылданды, болжамды сомасы 9 млн теңгеден асады.

52 адам тиісті төлемдерін алып үлгерді. Барлық төлем сомасы төрт млн теңгені құрады. Қалған қару-жарақтарды бағалау жүргізілуде. Тапсырылған қарудың әрбір түрі бойынша криминалистикалық сараптама жүргізіледі, одан кейін қарудың санатын анықтай отырып, қорытынды шығарылады.

Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түрі мен санатына қарай республикалық бюджеттен төлем жасау көзделген, төлем 10-нан 100 АЕК-ге дейін, ал ақшалай баламада 31,8 мыңнан 318 мың теңгеге дейін құрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру