ШҚО-да қатаң тәртіптегі колонияда сотталғандар арасында гір көтеруден турнир өтті
Шығыс Қазақстан облысында қатаң тәртіптегі колонияда сотталғандар арасында гір көтеруден турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінде сотталғандар арасында гір көтеруден турнир өтті.
Гірді көтеру турниріне 14 жасақтың ішінен екі сотталғаннан қатысты. Турнир барлық шектеу шараларын сақтай отырып өтті. Сотталғандар 16 келі салмағы бар екі гірді кеудеден көтерді.
Бұл турнирдың мақсаты – сотталғандар арасында деструктивті мінез-құлық пен төтенше жағдайлардың алдын алуы мен сотталғандардың негізгі бөлігін мекеменің қоғамдық өміріне қатысуға шақыру.
Бұл шараға жазасын өтеп жатқан сотталғандар өз ықыластарымен қатысты.
– Жарысқа қатысушылардың барлығы физикалық қозғалыстарымен жоғары нәтиже көрсетті,- деді Роллан Жумажанов.
Турнир қорытындысы бойынша әр салмақ бойынша жеңімпаз анықталды.