Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қатаң тәртіптегі колонияда сотталғандар арасында гір көтеруден турнир өтті

Шығыс Қазақстан облысында қатаң тәртіптегі колонияда сотталғандар арасында гір көтеруден турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінде сотталғандар арасында гір көтеруден турнир өтті.

Гірді көтеру турниріне 14 жасақтың ішінен екі сотталғаннан қатысты. Турнир барлық шектеу шараларын сақтай отырып өтті. Сотталғандар 16 келі салмағы бар екі гірді ​кеудеден көтерді.

Бұл турнирдың мақсаты – сотталғандар арасында деструктивті мінез-құлық пен төтенше жағдайлардың алдын алуы мен сотталғандардың негізгі бөлігін мекеменің қоғамдық өміріне қатысуға шақыру.

Бұл шараға жазасын өтеп жатқан сотталғандар өз ықыластарымен қатысты.

– Жарысқа қатысушылардың барлығы физикалық қозғалыстарымен жоғары нәтиже көрсетті,- деді Роллан Жумажанов.

Турнир қорытындысы бойынша әр салмақ бойынша жеңімпаз анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру