Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді қатысуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ізімен “Өмір жолында өзіңнің бір бөлшегіңді сыйла!” атты ұранмен басталған екіапталық Донорлық акциясына ОВ 156/2 мекемесінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатысуда.

Бұл күні таңертең ШҚ ОҚО көшпелі бригадасының көлігі мекеме аумағында барынша жұмыс істеді. Мекеме қызметкерлері мен әскери қызметкерлер арасында қан тапсыруға ниет білдірушілер көп болды. Барлықтарында тек бір мақсат болды – қайырымдылық акцияны қолдау.

Өз кезегінде ШҚ ОҚО басшылығы ОВ 156/2 мекемесінің бастығы Еркін Кабинге ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын түсінгені үшін шынайы алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру