Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір айда екі көлік ұрлаған шығысқазақстандық ұсталды

Бір айда екі көлік ұрлаған шығысқазақстандық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында Глубокое ауданының ПБ кезекші бөліміне Глубокое кентінің 35 жастағы тұрғыны белгісіз адам үйінің ауласында тұрған ВАЗ маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарласты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл автокөлік жәбірленуші тұратын үйдің жанында табылды.

15 күннен кейін Глубокое ауданының полиция бөліміне ауданның тағы бір 35 жастағы тұрғыны хабарласып, оның есігі құлыпталмаған ВАЗ көлігі белгісіз біреулер заңсыз иемденіп кеткенін жеткізген. Іздеу шараларыны барысында ұрланған көлік Глубокое-Белоусовка автомобиль жолының бес шақырымында, жол жиегінен табылды.

Глубокое ауданының ПБ қызметкерлері аталған дерек бойынша “ұстау” жоспарын енгізді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Глубокое аудандық ПБ қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстаған. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындаған. Көлік құралдары иелеріне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Заңсыз айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру