ШҚО-да қос азаматтық үшін 50-ден астам адамға айыппұл салынды
ШҚО-да жыл басынан бері қос азаматтық үшін 50-ден астам адамға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес, басқа елдің азаматтығын алғаннан кейін 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының жеке куәлігі мен төлқұжатын міндетті түрде тапсырып, ҚР-ның азаматтығынан айрылғанын тіркеу қажет. Алайда ҚР-ның азаматтары басқа елдің азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасының құжаттарын келуге және тұруда қолдануда.
Ағымдағы жылдың маусым айының ортасында көші-қон қызметі Глубокое ауданының тұрғынын анықтады. Ол 2002 жылдың маусым айында Алтай өлкесі Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде көші-қон заңнамасын елемей, Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл салынып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдіктен Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты алынып, ҚР азаматтығын жоғалтқандығы туралы өтініші тіркелді.
Айта кетейік, облыс бойынша жыл басынан осындай 50-ден астам азамат анықталып, жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұл көлемі төрт миллион теңгеден астам қаражатты құрайды.