Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тәртіп бұзушылар қос азаматтық үшін 500 мың теңгеден астам ақша төлейді

ШҚО-да тәртіп бұзушылар қос азаматтық үшін 500 мың теңгеден астам ақша төлейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде белгіленген мерзімде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны туралы хабарламаған Жаңа Бұқтырма кентінің екі тұрғыны 47 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйелді анықтады.

Құқық бұзушылар 2019 жылдың тамызында тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шықпай Ресей Федерациясына кетіп, 2020 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны анықталды, осылайша елдің азаматтық туралы заңнамасын бұзды.

– Шетелдіктерден Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша 200 АЕК (583 400 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. ⠀

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес, басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, көші-қон қызметі бөлімшелерін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде хабардар ету қажет.

Мәселен, «Заңсыз-Трафик» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізген төрт күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 500-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 22 адам елден шығарылды. 123 шетелдіктің елде болу мерзімі қысқартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру