Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Шығыс Қазақстан облысы аумағында 356 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Биыл Шығыс Қазақстан облысы аумағында 356 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың алты айында Шығыс Қазақстан облысы аумағында 356 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 43 адам қаза тапты және 474 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі түрлері қақтығысу, жолдан шығып кету, жаяу жүргіншілерді қағып кету болып табылады.

Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының орын алуына жиі жағдайларда келесідей себептер негіз болуда: ол жылдамдық режимін сақтамау, мас күйінде көлікті басқару, маневр жасау ережесін бұзу, қарсы бағытқа арналған жолаққа шығу, көлік басқару кезінде ұйқыға кету немесе шаршаңқы күйде көлік басқару.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңғы екі айында жол-көлік оқиғаларының республикалық маңызы бар тас жолдарда біршама өскені байқалады. Бірінші кезекте, бұл жаз маусымы кезінде көлік ағымдарының біршама артуы себебінен орын алуда, адамдар демалыста болғандықтан автомобиль көлігінде демалыс орындарына барады.

Тек осы шілде айында “Өскемен-Семей” автокөлік жолында екі жол-көлік оқиғалары орын алды, оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, сегіз адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақтаттарын алды. Екі жағдайдағы орын алған себептер- қарсы бағытқа арналған жолаққа шығу арқылы озып өту ережесін бұзушылық болып табылады.

ШҚО Полиция департаменті облыс тұрғындарын жол жүрісі ережесін қатаң сақтауға және өз көлігіңіздің техникалық жағдайын тұрақты қадағалап отыруға шақырады.​
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру