ШҚО-да тергеу изоляторына бауырсақ ішіне есірткі салып өткізбек болған
ШҚО-да тергеу изоляторына бауырсақ ішіне есірткі салып өткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №73 мекемесіне 38 жастағы азамат бауырсақтың ішіне есірткі салып, өткізбек болған.
Өскемен тұрғыны ішінде үш келі бауырсақ болған сәлемдемені әкелген. Тексеру кезінде олардың жетеуінде белгілі бір иісі бар белгісіз жасыл түсті заттар табылды.
Тыйым салынған заттар апелляциялық соттың шешімін күтіп отырған тонау үшін тергеуге алынған азаматқа арналғандығы анықталды.
– Тергеудегі және сотталған адамдармен жүргізілетін профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, олардың туыстары тыйым салынған заттарды мекемеге кіргізуге тырысады. Қызметкерлердің қырағылығының арқасында мұндай деректердің алды алынуда. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті №73 мекеменің бастығы Тілеуберген Көнекбаев.
Сараптама нәтижелері бойынша бұл зат есірткі, яғни кептірілген марихуана екені анықталды.