Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да іздеуде жүрген ұры Өскеменде ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында іздеуде жүрген ұры Өскеменде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қыркүйекте жедел іздестіру іс-шаралары барысында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментіндегі әріптестерімен бірге Өскемендегі қонақ үйлердің бірінде іздестірудегі ұрыны ұстады.

2022 жылдың наурызында 31 жастағы күдікті бір топ адамдармен бірігіп, Солтүстік Қазақстан облысы Үлкен жүзім ауылында ауыл тұрғындарының бірінің үйіне кіріп, 6 миллион теңге ақшасын ұрлап кеткен. Қылмыс жасағаннан кейін қаскөй аймақтан қашып кетіп, ізін суытқан.

Төрт ай бойы тәртіп сақшылары Қазақстанның басқа өңірлерінде күдіктіні іздестіруді тоқтатқан жоқ, нәтижесінде күдікті қолға түсті.

Қазіргі уақытта іздестірудегі азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру