Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тұрғын «балгерге» бағын ашамын деп барынан айырылды

ШҚО-да тұрғын «балгерге» бағын ашамын деп барынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үржар АПБ кезекші бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Ол оның үйіне келген ұлты сыған «балгер» әйел келіп, сенімге кіре отырып, ерлердің назарын аудару үшін дұға оқимын деп, оның 270 000 теңге сомасындағы ақшасын, төрт алтын сақина мен бір алтын сырғасын иемденіп алғанын хабарлады. Келтірілген залал 680 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Алматы қаласының 43 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру