Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында өткен жылы 587 жол апаты орын алды

Ақтөбе облысында өткен жылы 587 жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы 587 жол апаты орын алды, онда 95 адам қаза тауып, 780 адам түрлі жарақат алды.

Жол апаттарының негізгі себептері бұрынғысынша – жылдамдық режимін сақтамау, қарама-қарсы жолаққа шығу, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігі арқылы өту ережелерін бұзу.

Патрульдік полиция жасақтары күн сайын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізеді, оқу орындарының жанында полиция жасақтары қойылады. Сонымен қатар, облыстың автожолдарындағы апаттардың алдын алу мақсатында Полиция департаменті ай сайын “Қауіпсіз жол”, “Автобус” және “Назар аударыңыз, жаяу жүргінші” профилактикалық іс-шараларын өткізіледі.

Статистика көрсетіп отырғандай, өткен жылы балалардың қатысуымен 99 ЖКО тіркелді, онда бес бала қаза тапты және 118 бала жарақат алды, ал жаяу жүргіншілердің қатысуымен 200-ден астам ЖКО тіркелді, оның ішінде 17 адам қаза тапты, 196 адам түрлі жарақат алды.

Сондай-ақ, мас күйінде көлік құралын басқаруға жауапкершіліктің артқанына қарамастан, көптеген жүргізушілер алкогольдік масаң күйде көлік жүргізуді тоқтатар емес.

Осы жылы 17 апат тіркелді, онда екі адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру