Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тұрғыннан заңсыз ауланған балық тәркіленді

ШҚО-да тұрғыннан заңсыз ауланған балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілдеде ШҚО ПД облыстық батальонының кызметкерлері Өскемен – Семей тас жолында қызмет өткеру кезінде 45 жастағы Риддер қаласының тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-21014 автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің тиісті рұқсат құжаттарынсыз балық тасымалдағаны белгілі болды.

Автокөлікті тексеру кезінде багаж бөлігінен салмағы 27 келіден асатын 3 қап балық табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру