Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жүргізуші куәлігін “жылдам” алмақ болған азамат ақшасынан айырылды

Қарағандылық полицейлер жүргізуші куәлігін жасап беремін деп тұрғынды алдаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 27 жастағы азаматша хабарласты. Жәбірленуші белгісіз біреудің алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын алып кеткенін айтты.

Белгілі болғандай, арызданушыға шұғыл түрде жүргізуші куәлігін рәсімдеу қажет болған. Сөйтіп, ол әлеуметтік желіден куәлікті “жылдам рәсімдеуге” көмектесетін адам тапқан. Желіде тапқан адамының сөзіне сенген жәбірленуші оның жұмысы үшін мобильдік қосымша арқылы 100 мың теңге ақша аударған. Алайда, тиісті құжатты ала алмаған. Содан алаяқтың арбауына түскенін сезген соң полицияға арызданған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру