Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғынынан киіктің екі ұшасы табылды

Ақтөбе облысының тұрғынынан киіктің екі ұшасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Шалқар қаласында 30 жастағы ер адамның басқаруындағы Nissan Murano автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде ұсталған адамнан киіктің екі ұшасы табылып тәркіленді. Сонымен қатар жауап алу барысында ұсталған адам өз еркімен бір дана, 16 калибрлі дара ауызды аңшы мылтыған тапсырды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру