Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде өзгенің көлігінен телефон ұрлаған азамат ұсталды

Ақтөбеде өзгенің көлігінен телефон ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 шілдеде сағат 16:20-да Ақтөбе қаласы Бейбітшілік даңғылындағы дүкеннің алдына қойылған ГАЗель автокөлігінің салонынан белгісіз адам 35 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі 131 мың теңге тұратын OPPO смартфонын ұрлап кеткен.

Тергеу барысында ер адамның көліктен шыққанда терезесін ашық қалдырғаны анықталды. Қайтып келгенде ол гаджетін таппаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Күдікті терезелері ашық көліктегі ұялы телефонды байқағаннан кейін оны ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының полиция департаменті автокөлік иелерінен өз көліктерінде құнды заттар мен ақша қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру