Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері заңсыз аң аулаған Алтай ауданының тұрғынын ұстады

Полицейлер заңсыз аң аулаған Алтай ауданының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айының соңында Алтай ауданы ауылдарының бірінің маңында тас жолдың бойында 30 жастағы азаматтың басқаруындағы Mitsubishi автокөлігі тоқтатылып, оның жүксалғышынан жабайы жануардың, болжам бойынша еліктің еті табылып, тәркіленді. Сондай-ақ оптикалық көздегіші және белбеуі бар ойық ұңғылы Сайга маркалы қаруы , 8 дана патрондары бар дүкен, ағаш сабы бар пышақ, және еттен оқ тәркіленді.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаруымен заңсыз аң аулаумен айналысқан 69 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Осы дерек бойынша тәркіленген ұшаға сараптама, сондай-ақ баллистикалық сараптама тағайындалды.


Жауап алу кезінде ер адам өзінің іс-әрекетін мойындады.

Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.


Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оның санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру