ШҚО-да түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды
ШҚО-да түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері және Ұлттық ұлан 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері колония маңынан патрульдеу кезінде мекеменің негізгі қоршауынан белгісіз зат лақтырмақ болған азаматты ұстады.
Тексеру кезінде ер адамнан жылтырақ желіммен оралған түйіншек алынып, оның ішінен үш ұялы телефон, ойын картасы, наушник, SIM карта және де қуаттау құрылғылары табылды. Сонымен қатар азаматтың жеке тұлғасын анықтау барысында оның бұрын сотталғаны анықталды.
Аталған факт бойынша заңды бұзған азаматқа қатысты материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді.