Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да стационарлық бекеттен есірткі алып өтпек болған қаскөйді қызметтік ит анықтады

ШҚО-да стационарлық бекеттен есірткі алып өтпек болған қаскөйді қызметтік ит анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Берлин неміс овчаркасы шетелдік көліктің салонында тыйым салынған заттың бар екенін иісінен анықтап білген.

ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Шемонаиха ауданында орналасқан «Рубеж» СКП бекетінде «Volkswagen» автомашинасын тоқтатқан, автомобильді басқару заңдылығына қатысты құжаттарды тексеру барысында Берлин қызметтік иті автокөлік салонындағы жолаушыда есірткі заттарының болуы мүмкін екендігі туралы  белгі берген.

Жеке тінту барысында Усть-Таловка кентінің 41 жастағы тұрғынының трикосының сол жақ қалтасынан полиэтилен пакетке салынған ерекше иісті қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полимерлі түйіншек табылып, тәркіленеді.

Маманның қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 1,08 г құрайтын «кептірілген марихуана» болып табылады, – деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нүриев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігісірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санкциясына сәйкес 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сол мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру