Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеліктің үйінің ауласынан 45 түп қарасора анықталды

Ақтөбеліктің үйінің ауласынан 45 түп қарасора анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйекте «Қарасора 2021» және «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында облыс ауданының бірінің тұрғыны өзінің жеке учаскесінде марихуана өсіретіні туралы ақпарат келіп түсті.

Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері аулаға тінту жүргізу барысында құрамында есірткі бар 45 түп өсімдік «қарасора» табылып, тәркіленді. Сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. 31 жастағы ер адам марихуананы жеке мақсатта пайдалану үшін өсіргенін түсіндірді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Осы баптың санкциясы екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру