Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

ШҚО-да «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

24-30 қаңтар аралығында отбасында алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ, криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Полиция отбасында орын алатын құқық бұзушылықтар, рецидивтік қылмыстар жасауға бейім адамдарды анықтау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Қорғау нұсқамалары шығарылған не мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылады.

«Азаматтардан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар, сондай-ақ, спирттік ішімдіктерді заңсыз сату туралы қандай да бір ақпарат алған жағдайда «102» арнасына хабарлауды сұраймыз», – деді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру