Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тыйым салынған аймақта балық аулаған тұрғын анықталды

ШҚО-да тыйым салынған аймақта балық аулаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тарбағатай ауданында «Учаске» ЖПІШ өткізу барысында Зайсан көлінде жыл бойына балық аулауға тыйым салынған аймақтың жағалауында полиция қызметкерлері заңсыз балық аулаумен айналысқан 45 жастағы ер адамды ұстады.

Оқиға орнын тексеру кезінде тәртіп сақшылары 127 келі балықты, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарын, яғни 3 моноталшықты тор мен қайықты тауып, тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру