Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы интернет-алаяқтық туралы ақпараттық жадынамалар әзірледі

Алматы полициясы интернет-алаяқтық туралы ақпараттық жадынамалар әзірледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық ПД интернет-алаяқтық қылмысының күшейгені туралы хабарлады және тұрғындарды қырағы болуға шақырды.

– Өкінішке қарай, қылмыс бір орында тұрмайды: күн сайын жаңа форма мен әдістер шығып жатыр. Бүгінде қарттарға қатысты алаяқтық деректері жиілеп кетті. Көбіне бұл алаяқтық жәбірленушілердің үйіне немесе телефондарына қоңырау шалу арқылы жасалады. Алаяқтар өздерін жақын туыстары (ұлы, қызы, немерелері) ретінде таныстырып, кенеттен туындаған жағдайды реттеу үшін ақша аудару қажет екенін хабарлайды, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Спикер бүгінгі күні алаяқтардың қалай әрекет ететіні туралы ақпараттық жадынамалардың бірнеше нұсқасы әзірленгенін айтты.

– Бұл жадынамаларда алаяқтардың қылмыстық әрекетінің ең танымал тізбектері егжей-тегжейлі сипатталған және оңай ақшаны жақсы көретіндердің уысына түспеу туралы кеңестер берілген. Жадынамаларды тұрғындар арасында учаскелік полиция инспекторлары таратады. Мақсат – қоғамды қаскөйлерден қорғау және мұндай қылмыстық көріністердің алдын алу, –  деді Шәріпов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру