ШҚО-да жас полицейлер ант қабылдады
ШҚО Полиция департаментінің полицейлері мен әкімшілік-мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz
ШҚО Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күнінде ішкі істер органдарына қызметке кірген жас полиция қызметкерлері мен әкімшілік-мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде Отанға адал қызмет етуге ант қабылдады.
ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Ренат Ұнарбеков салтанатты түрде ант қабылдағандарға мемлекеттік қызметші куәлігі мен бірінші погондарын табыстап, Отанымыздың игілігі үшін қызмет етуге ант бергендердің барлығын құттықтап, ҚР Мемлекеттік рәміздерін мерекелеу күні ант қабылдау рәсімінің тұспа-тұс келуі мемлекет мен халық тарапынан жүктелген сенімді мемлекеттік қызметші адал атқаруға деген міндетті арқалайтындарын атап өтті.
– Сіздер халық алдындағы жауапкершіліктің жоғары деңгейін түсініп, ұлттық мүддеге қызмет етулеріңіз керек, өйткені әрқайсыларыңыз мемлекеттің дамуына өз үлестеріңізді қосасыздар, – деп толықтырды Ренат Ұнарбеков.
– Дәл осы мереке күні, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ант қабылдау мен үшін үлкен құрмет. Біз, бүгін ант қабылдаған ішкі істер органдарының қызметкерлері, аға буынға қарап, тұрақтылық пен отандастарымыздың тыныштығын қорғап, қоғамдық тәртіпті сақтаймыз, Ұлы Отанымыз – Қазақстан Республикасының мүдделеріне адал қызмет етеміз, – деді департаментке қызметке кірген жас ант қабылдаған қызметкер, қызмет инспекторы Еркебұлан Сейітбеков.