Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кинотеатрлардағы фильм алдында Қазақстан полициясы туралы бейнероликтер көрсетілетін болды

Кинотеатрлардағы фильм алдында Қазақстан полициясы туралы бейнероликтер көрсетілетін болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков “Сіnема Property Management” ЖШС өкілдері PR директор Е. Бұхарбаевпен және менеджер Жұлдыз Сонмен кездесті. Аталған компанияның қызметі ел кинотеатрларында фильмдерді жалға берумен тікелей байланысты.

Ішкі істер органдары қызметінің сервистік моделін енгізу аясында ұйымдастырылған кездесуде Қазақстан полициясының беделін арттыруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында Алматы академиясы мен «Сіnема Property Management” компаниясы басшылары ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Аталған шарт шеңберінде кинотеатрларда фильмдер көрсету алдында Алматы академиясының қызметкерлері түсірген қылмыстың алдын алу және Қазақстан полициясының беделін арттыру туралы бейнероликтер көрсетілетін болады.

Бүгіннің өзінде әр фильмнің алдында көрермендер Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Алматы академиясы бірлесіп дайындаған интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы әлеуметтік роликті көру мүмкіндігіне ие.

Қазірге дейін бұл бейнероликтер Қазақстанның 11 қаласының 23 кинотеатрында көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру