Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері Мемлекеттік рәміздер күнінде ерекше челлендж ұйымдастырды

Түркістан облысының полицейлері Мемлекеттік рәміздер күнінде ерекше челлендж ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінде Түркістан облысының полицейлері ерекше челлендж ұйымдастырды.

Нақтырақ айтар болсақ, Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты екі басқарма мен 15 бөлім бар. Аталған басқарма, бөлімдер облыстың қалалары мен аудан орталықтарында орналасқан.

Олар бүгінгі айтулы мерекеге орай Мемлекеттің айрықша белгілеріне құрмет көрсету мен жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында арақашықтыққа қарамастан, таңғы сағат 10:00-де бірдей Әнұранды орындады.

Полицейлер өздерінің осы әрекеттерімен әрбір тұрғында ұлттық рәміздерге деген құрметтің ерекше болуы қажеттігін және алдағы уақытта да Туды, Әнұран мен Елтаңбаның мерейін одан әрі де асыру, жастар арасында ұлттық рухты, патриоттық сезімді жетілдіру үшін жалғасын табатынын жеткізді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің егемендігіміздің берік негізінің кепілі. Шекарасы шегеленген, өзіндік ұстанымы бар ел екенімізді дәлелдейтін белгі. Егеменді еліміздің біртұтастығын бейнелейтін көрініс. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру